Қаржы бөлімінің басшысы қызметіне кірісті
Сырдария аудандық бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы №51-Ө Өкімімен Есмағанбетова Айнұр Амантайқызы Сырдария аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы аудан әкімі Р.Рүстемов аппарат мәжілісінде айтып, лауазым иесін кент және ауылдық округі әкімдеріне, дердес бөлім басшылары таныстырды.
Айнұр Есмағанбетова 1974 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Каспий қоғамдық Университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.1997-2006 жылдары Тереңөзек ауданы бойынша салық инспекциясында іс-қағаздар жүргізуші, 2006 жылдан осы уақытқа дейін Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, салық төлеушілермен жұмыс, өндіру бойынша және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, бас маманы жауапты қызметтерін атқарып келген.
«Жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері өздерінің кәсіби дайындығын, тәжірибесін және білімін пайдалана отырып, жауапкершілігі жоғары міндеттерді мінсіз атқарады деп сенім білдіреміз», деді аудан басшысы.