Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАП ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАП ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы жеке және заңды тұлғаларға арнап қабылдау өткізді.
Қабылдау "Нұр Отан" Партиясының Сырдария аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы А.Мұхимов жеке және заңды тұлғалардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша құқықтық түсінік берді.
Сонымен бірге, қабылдауға жазылған азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Департамент тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, "Нұр Отан" Партиясының Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова және жергіілкті БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кету керек, бүгін сағат 11.00-13.00 аралығында өткен қабылдаудың өтетіні жөнінде хабарландыру кеше аудан әкімінің баспасөз қызметінің ресми парақшасында жарияланған болатын.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
28 наурыз 2019 ж. 1 053 0