Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЛКЕН ТОРТ СЫЙҒА БЕРІЛГЕН

ҮЛКЕН ТОРТ СЫЙҒА БЕРІЛГЕН

Шымкенттегі елді шулатқан бай баласының тойы жайлы ұйымдастырушылар пікір білдірді деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ. Әдемі кешті өткізгендердің сөзінше, алып тортты жастарға қалталы азамат сыйлаған.
«Тортті екі жастың құрметіне арнайы жасатып, сыйлаған азамат өз есімінің құпияда болғанын қалады. БАҚ беттерінде жүрген тәттінің құны (60 миллион, кей ақпаратта 21 миллион теңге) қайдан алынғаны белгісіз. Бұл жалған ақпарат, ресми де расталмайды» ,- деп түсіндірді Rixos менеджерлерінің бірі.
Қонақ үй қызметкерлерінің айтуынша, тойды ұйымдастырғандар қазір байланыс аясынан тыс жерде. Сондай-ақ Шымкенттегі ең қымбат қонақ үйде той өткізу құны адам басына 17 500 теңге екен. Бұл сома нақты емес, оны әкімшілікпен кездесіп ақылдасу арқылы шешуге болады.
Естеріңізге сала кетсек, Шымкенттегі тойда дайындалған алып торт қазақстандықтарды таңқалдырған еді. Тіпті, оның құны - 179 мың долларға бағаланып, жұртшылықты той иелерінің кім екені де қызықтырып қойды.
16 қаңтар 2018 ж. 3 685 0