Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен азаматша Ж.-ға қатысты қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін  іс қаралды.

Азаматша  Ж. 2025 жылғы 26 қазан 15:30 шамасында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында Я.-мен сөзге келіп, оның бет әлпетінің сол жақ бөлігінен және оң қол білегінің ішкібетінен қолымен тырнап, дене жарақатын салып, тән ауруына ұшыратқан, алайда денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген әрекеттер жасаған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі тоқтатып, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Жәбірленуші Я., сотталушы екеуі медиация тәртібімен татуласқанын, оған қоятын талап-тілегінің жоқтығын, кешірім беретінін, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж., жәбірленушімен медиация арқылы татуласуына байланысты осы Кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

    Сырдария  аудандық соты


23 қаңтар 2026 ж. 43 0