Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық орынға мас күйінде жүргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Қоғамдық орынға мас күйінде жүргені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Мәселен, Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Б.  бір жыл ішінде қайталап қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольді масаң күйде жүрген.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сырдария аудандық соты
фото: Нұрболат Нұржаубай    
29 шілде 2026 ж. 41 0