Көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлікті қайта тізгіндеген азаматқа қомақты айыппұл салынды
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат М. көлік кұралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, 2025 жылғы 2 желтоқсан 15 сағат 30 минут шамасында Қаз06 Қарабұтақ Қызылорда Шымкент тас жолы бойында автокөлік басқарған.
Іс құжаттарына сәйкес, М. 2023 жылы сот қаулысымен жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, іс құжаттарымен бекітілген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 137620 теңге айыммұл салды.
Сырдария аудандық соты







