Лотерея операторы болып тіркелмей ұтыс ойынын ұйымдастыруға заңмен тыйым салынған
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігімен азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат М. "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы лотерея операторы болып табылмай, автокөлік құралдарының ұтыс ойынын ұйымдастырған.
Сот отырысында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің өкілі Б. азамат М.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшін ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы мониторинг және құқық қолдану практикасы басқармасының "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы лотереялар өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы шағымдары негіз болғанын түсіндірді.
Сот қатысушылардың түсіндірмелерін, прокурордың қорытындысын және ісматериалдарын зерттеп, азамат М.-ның "Instagram" аккаунты арқылы автокөлік құралдарының ұтыс ойынын бірнеше рет ұйымдастырғаны анықталды. Лотереяларға қатысу үшін тіркелмеген ақша сомасын телефон нөміріне тіркелген KaspiBank АҚ банктік шотына аудару қажет болған.
Сот азамат М.-ді Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 369 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: Ашық дереккөзден