Жолаушылар пойызында әйелдерге гүл мен сыйлық табысталды

Әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлап, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды. Сыйлық алған әйелдер қауымы жылы лебізін білдіріп, жолсеріктерге алғыс айтты.
Сондай-ақ, бұл күні еліміз бойынша 8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты.
Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыста жолаушы әйелдерді құттықтау шаралары өткізілуде, - делінген хабарламада.
Айта кетері, жыл сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарында орта есеппен 13 миллионнан астам жолаушы қатынайды, олардың ішінде жартысы әйелдер қауымы.