Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілуде

Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілуде

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара-Шымкент» тас жолының жабық болуына орай Сырдария ауданы тұсындағы жолаушылар мен жүргізушілерге барлық жағдай жасалуда. Шаған ауылы тұсындағы «Керуен» кешенінде 30 жеңіл автокөлік, 25 жүк автокөлігіндегі барлығы 127 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көмектер көрсетілуде.

Сондай-ақ, Ақжарма ауылы тұсындағы «Нұрлы жол» кешенінде барлығы 19 адамға көмектер көрсетіліп, қонақ үйге орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Кешендердегі сауда орындарында азық-түлік қорының жеткілікті екендігі және бағаны негізсіз көтермеу жөнінде түсіндірілді.

Қазіргі уақытта аудан әкімдігінің, аудандық полиция және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерінің қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылды. Жолаушылар жағдайы бақылауда.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз!

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 ақпан 2024 ж. 361 0