Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Қызылорда облысында автокөлік басқару жүйесіне ие бола алмаған жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform

Оқиға 4 қаңтарда, сағат 16:00 шамасында Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылының тұсында болған. Облыс тұрғыны автокөліктің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан 1 жолаушы қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолда қауіпсіздік шаралары сақтауды ескертеміз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
05 қаңтар 2024 ж. 227 0