Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды

Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 4 мамырда сағат 02.45 шамасында болған. Қызылорда облысының Шиелі кентінде тұратын 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған.

«Жол апаты салдарынан 1 жолаушы қөз жұмып, қалған үшеуі (жүргізушімен қоса) жарақат алды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, оның соңы абайсызда адам өліміне әкеп соққаны көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бұл жөнінде Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмаған балалар көлікті рұқсатсыз үйден түн мезгілінде айдап шығып, жол апатына ұшыраған. Жарақат алған балалар ем алуда. Жағдайлары бірқалыпты», - деді бөлім басшысы.


Фото: ашық дереккөзден
04 мамыр 2023 ж. 462 0