Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 2 адам ауруханаға жеткізілді

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 2 адам ауруханаға жеткізілді

Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олардың 1-уі оқиға орнында көз жұмса, 2-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 5 маусымда түнгі уақытта Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында болған.

«Жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қаққан. Оқиға салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды.
05 маусым 2023 ж. 358 0