Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдарияда жол-көлік оқиғасы орын алды

Сырдарияда жол-көлік оқиғасы орын алды

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайтыс болғандар бар,  деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.


04 наурыз 2020 ж. 1 398 0