Орман және дала өртін болдырмайық!
Ормандағы өрттердің көбі орманда адамдардың демалып және жұмыс жүргізіп жүрген кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзуынан орын алады.
Ормандағы өрттердің көбі арнайы ол үшін арналмаған орындарда тұтылып сөндірілмеген алаулар, сөндірілмеген сіріңкелер мен темекінің қалдықтары, балалардың бұзықтығынан және найзағай нәтижесінде орын алады. Өрт қауіпті кезеңінде орман және дала өрттерінің өсуі туындайды, көбінесе аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылық жерлерді қажет емес өсімдіктер немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүгізу барысында орын алады. Ауыл шаруашылық жерлерді және қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті бақылау жүргізілмеуінен, минералданған жолақтарының болмауынан, орман алқаптарына жақын орналасқан өтімді жол бойына анағұрлым алшақтыққа от тарайды, түзелмейтін шығынға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Көбіне, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен жүргізілетін бақыланбалы өртеу оттың күшімен күресе алмауы мүмкін, кенеттен қатты дауылды жел көтерілген кезде оның жылдамдығы 20 м/с немесе оданда көпке жетеді.
– Құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде қайда болмасын алау жақпаңыздар.
– Жалын мен көмірді қараусыз қалдырмаңыздар.
– Демалыс орнынан кетерде алауға су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетіңіздер.
– Жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмаңыздар.
Орманда өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін, құрылыс маңында қоқыстарды жағу және егінжайларда алаулар жаққандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертеміз. Тілсіз жаудан сақ болыңыздар!
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі