Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты өрттен сақтайық

Табиғатты өрттен сақтайық

Орманда өрт шы­ғу се­беп­терін сарап­тағанда, ол көбінесе адам­дардың өз кінә­сінен болатыны анық­талды. Жекелеген тұрғындардың немесе орман жұ­­мыс­шы­ларының бұл мәселеге үне­мі жіті қарай бер­мейтінінен болады екен. Сондықтан өрт ­қа­уіп­­сіздігінің ереже­лерін үйре­тетін үгіт-насихат жұмыста­рын тек өрт сөндіру қыз­мет­керлері ғана емес, олармен қатар қоғам­дық мекемелер де жүргізуі тиіс.

Орман өртінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат тәрбие жұмыстардың түріне мектептерде және басқа да бұқаралық мәдени орындарда оқылатын лекциялар, баяндамалар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман алқаптарын өрттен қорғау жөнінде жиі айтылады. Әсі­ресе, өмірден алынған мысалдарды келтіре отырып, газет, радио, теледидар арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін көпшілікке түсіндірудің маңызы зор. Бұл ретте деректі кинофильмдер де үл­кен әсерін тигізер еді. Орманға барар жол­дарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде түрлі түсті плакаттар, хабарламалар ар­қылы өрттен сақтандырулар шаралары жа­салған. Алайда осыларды орман ма­ңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұр­ғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы – орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз.

Жоғарыдағы айтқанымыздай, орман­дар­дағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе орманның ішінде өрттің көзі жоқ. Рас, ормандардың жануы кейде найзағайдан да болады, бірақ өртті орманға негізінен адамдар әкеледі.

Орман өрттерінің болуының негізгі се­бептері мыналар:

– сөндірілмеген шылым не сіріңке;

– аңшылықтың салдары. Олар атқан оқтан бықсып шөптер жанып тұтанады;

– механизатор орманда өрт қауіп­сіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т.б.;

– орман ішінде болған саяхатшылар, демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жер­лерге алау жағады;

– орман алаңдарына жақын жерлердегі егістің орнын жағады;

– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шы­нының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып, құрғақ шөптерді тұтандырады, салдарынан өрт қаупі туындайды;

– орманда шаруашылық жұмыстарын (жа­рылғыш құралмен тамырынан жұлу, қоқысты жағу, жолдарды, электр желіле­рін, құбырларды салуы кезінде сақтық ша­раларын алмау және т.б.) дұрыс жүр­гізбеу салдарынан;

Сіздерден табиғатта осы қара­пайым өрт қа­уіпсіздігі ережелерін сақтау­ла­ры­ңызды сұрай­мыз. Сонда ғана дала жә­не орман алқапта­рын өрттен сақтап қала­мыз.

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлі­мінде 21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.

Мұқтар Әлихан,
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының курсанты
28 наурыз 2023 ж. 291 0