Тұрмыста газды дұрыс пайдалану ережесі

Осы ретте, Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі күнделікті өмірде тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі ереже талаптарын ескертеді.
– Тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пунктерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;
– Баллонды ауыстырар алдында жаңа немесе пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз, ауыстырылғаннан кейін герметикалығын тексеріңіз;
– Баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзындығы метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
– Газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз, алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;
– Тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;
– Газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтардың отқа төгілмеуін қадағалаңыз;
– Газ плитасының жанарғыларын үнемі тазалаңыз.
– Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.
– Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.
Тыйым салынады:
– Өз бетінше үйді газдандыруға, орнын ауыстыруға, кез келген газ жабдығын жөндеуге;
– Тиісті қызметтердің рұқсатынсыз, жабдықтың орналасқан жерін өзгерте отырып, үй-жайды қайта жоспарлауды жүргізу;
– Жабдық жарамсыз болған жағдайда газды пайдалануға;
– Газ құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды балаларға пайдалануға рұқсат етуге;
– Үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану;
– Газ аспаптары орнатылған бөлмелерде ұйықтау.
Өрт немесе жану оқиғасын болған жағдайда өрт сөндіру бөлімінің 101, 112 немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен жайды асықпай, толық айтуы тиіс.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөзден