Қызылордада 24 нысанның шатыры ұшты

Қызылорда облысы әкімі аппаратына жалпы 24 нысанның шатыры ұшу оқиғалары тіркелді. Оның ішінде 7 білім беру ұйымдарында (оның ішінде 6 мектеп, 1 колледж), 3 ауылдық мәдениет үйінеде, 9 мемлекеттік мекеме (оның ішінде 2 коммуналдық, 1 мешіт), 2 көпқабатты тұрғын үй, 3 жеке тұрғын үй.
Барлығы 2909 шаршы метр шатыр ұшып, казіргі таңда жергілікті атқарушы органдардан комиссия кұрылып, келтірілген шығындар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жоғарыда аталған жағдайлар бойынша зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Осы брифингті пайдалана отырып, ауа райының қолайсыздығы әлі де жалғасуда екендігін, көпшілікке көшеде жүргенде сақтық шараларын естен шығармау қажеттігін ескертеміз, ауа райының қолайсыздығына орай мүмкіндігінше қатты дауыл күндері жолға шықпауды сұраймыз», - деді Бекболат Әбдіқадыров.