Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылордада күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті

Қызылордада күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті

Қызылорда облысында кеше соққан қатты дауылдың салдарынан Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, 21 мамырда Қызылорда облысында шаңды дауыл мен күшті жел соқты. Ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар аудандардағы нысандардың шатырына зақым келді.

«Атап айтқанда, Шиелідегі 4 мектеп пен 1 колледж, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы әкімдік, Жаманбай ауылдық клубы ғимараттарының шатыры ұшып кеткен. Сондай-ақ, сол аудандарда электр желісі үзіліп, бірнеше елді мекендер жарықтан ажыраған. Электр желісін қалпына келтіру толық аяқталды. Оқиға орнында арнайы мамандар мен техникалар шұғыл түрде жұмылдырылды. Зардап шеккен азаматтар жоқ. Нысандарда кезекшілік ұйымдастырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, аталған мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында. Қазіргі таңда қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.



22 мамыр 2022 ж. 576 0