Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғамның ортақ міндеті. Күнделік­ті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау мүлік­тің зақым­далуына ғана емес, қайғылы жағдайға да алып келеді. Көптеген өрт балалардың отпен ойнауынан болады. Сондықтан Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық және тұрғын үй секторларында орын алатын өрттің және адамның қаза болуын болдырмау мақсатында аудан тұр­ғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын ескертеді.

Қауіпсіздік шаралары:

– Үй ішінде темекі шекпеу;

– Жылыту маусымы кезінде пештің ақау­сыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі;

– Пештің маңайында оңай жанатын заттарды қалдырмаңыз;

– Пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйық­тықты қолданбаңыз;

– Толық сөндірілмеген көмірді ағаштан жа­салған заттың қасына тастамаңыз;

– Қолдан жасаған электр қорғаныштарын қолдануға тыйым салынады;

– Электрленген сымдарды жөндеуде және үйге электр жүйесін тартуда электр маман­дарының көмегіне жүгінген жөн;

– Электрлі қондырғыларды уақытылы тек­се­рістен өткізіп отырыңыз;

– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз жә­не оларды сырттан жауып кетпеңіз;

Пештерді түтін құбырларына қосу үшін:

1) Түтін шығарғыштың жоғары жағынан жанғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі ара қашықтығы, төбе жанудан қор­ғал­­маған жағдайда 0,5 м кем болмауы және қорғалған жағдайда 0,4 м кем емес болуы қажет;

2) Түтін шығарғыштың төменгі жағынан жанғыш немесе қиын жанатын материал­дардан жасалған еденге дейінгі ара қа­шық­тық 0,15 м кем емес болуы қажет жағ­дай­да ұзындығы 0,4 м аспайтын түтін шығар­ғыштарды қарастыруға жол беріледі. Түтін шығарғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 м және одан артық қамтамасыз етіп, жан­байтын материалдардан жасау қажет.

Шатырларды түтін каналдары өтетін бар­лық түтін құбырлары мен қабырғаларын (әктеу) ағарту қажет. Пайдалану кезінде: түтін шығарғыштар мен пештерді жылыту мерзімі басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз.

Егерде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақ­тасаңыздар, адам өліміне әкеліп соқтыратын түрлі өрттердің алдын алуға болатынын ес­кертеміз.

Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен-жайын асықпай, толық айтуы тиіс. Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтайық!


Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі

24 қаңтар 2023 ж. 320 0