Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Теңізге балық аулауға шығып жоғалып кеткен 2 адам табылды

Теңізге балық аулауға шығып жоғалып кеткен 2 адам табылды

Қызылорда облысында теңізге балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен екі адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Арал ауданына қарасты Қарашалаң елді мекені аумағында болған. Ауылдың екі тұрғыны 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 01:00 шамасында Арал теңізіне балық аулауға мотоциклмен шығып кеткен. Содан кейін байланысқа шықпаған.

«Хабарсыз кеткен балықшыларды жергілікті тұрғындар өз күшімен іздеуге шыққан. Нәтижесінде аталған екі азамат сағат 03:05-те Қарашалаң елді мекенінен 18 шақырым жерден табылған. Мұздың жұқалығынан екі азаматтың мотоциклі суға түсіп кеткен. Содан кейін олар мұздың үстінде теңіздің жағасын таба алмай, байланысқа шығуға мүмкіндігі болмаған. Олардың денсаулығына зиян келмеген. Медициналық көмекті қажет етпеген», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
02 қаңтар 2023 ж. 442 0