Заңсыз атыс қаруы алынды
Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органында тіркеуде жоқ 1 дана атыс қаруы тәркіленді.
Кеше кезекті рейдтік іс-шаралардың барысында Шаған ауылына қарасты егістік алқабында 24 жастағы жергілікті тұрғын өзімен бірге ішкі істер органында тіркеуде жоқ жеке ұңғылы аңшы мылтығын алып жүрген жерінен анықталған болатын. Аталған аңшы мылтығын азаматтың не себепті ұстап жүргені анықталды.
Аталған деректер бойынша құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар Сырдария аудандық сотының қарауына жолданатын болады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігінде атыс қару тәркіленіп құқық бұзушыға 20 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады деп жауапкершілік қаралған.
Егер қару иелері қаруды тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарына салғырттық танытса немесе мекен жайын өзгерткен кезде ішкі істер органдарына хабарламай, оны есепке қою ережесін бұзатын болса, бұған әкімшілік шара көрілетіні ескертілуде. Осы орайда ІІМ қазақстандықтарға заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және арнайы заттарды өз еркімен тапсыруды сұрайды.