Қызылорда облысында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Бүгіннен бастап Қызылорда облысы аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Шараның мақсаты - облыс көлемінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлікке қатысты тәртіпті арттыру. Сондай-ақ ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық жолдардағы қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру. Аталған іс-шара биылғы жылдың 5-желтоқсанында басталды. Республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы 11-желтоқсанға дейін жалғасын табатын болады.
Іс-шара барысында автокөлік қозғалысының ықтимал жасырын бағыттарын анықтау, оның ішінде, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын жеңіл такси автокөліктері бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша Көліктік бақылау инспекциясы өкілдері қатарынан мобильді топтар құрылады. Бұл мобильді топтар рейс алдында жүргізушіні медициналық тексерістен өткізеді. Сонымен қатар олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына және сапарға шығатын автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексеруге ерекше назар аударылатын болады.