Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Шағанда дауыс берушілерге ыстық бауырсақ ұсынды

Шағанда дауыс берушілерге ыстық бауырсақ ұсынды

Саяси науқанға аудан тұрғындары белсенділік танытуда. Оның ішінде ауданға қарасты елді мекендерде сайлау барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, Шаған ауылдық округіндегі №163,№164 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындарға жергілікті тұрғындар «Бауырсақ paty» ұйымдастыруда.

– Біз ел болашағына зор үмітпен қараймыз. Қазір әлемде тұрақтылық сақталып тұрған жоқ. Сондықтан алдағы жетіжылдықта ел өркендеуін қамтамасыз етіп, тұрақтылықты сақтауға еңбек ететін білікті саясаткер мемлекет басшылығында отыруы тиіс. Сондықтан да әрбір қазақстандық тұрғын осыған жауапкершілікпен қарап, таңдауларын жасауы керек. Осы саяси науқанның барысында біз дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды ойладық. Соған орай «Бауырсақ paty» ұйымдастырып, ауыл халқын сайлауда белсенді болуға шақырудамыз, – дейді ұйымдастырущылар.

Тұрғындардың көңіл-күйлері көтеріліп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтуда.

Айта кету керек, Шаған – аудандағы үлкен ауылдардың бірі. Мұнда 5000-ға жуық халық тұрады. Олар бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауында таңертеңнен бері белсенділік танытып, ел келешегіне кемел көзқараспен қарайтындарын аңғартуда.
20 қараша 2022 ж. 210 0