БАУЫРСАҚТАР...
Ши бауырсақ еленген ұнға жұмыртқаны жарып құйып, сүтке немесе сорпаға иленеді, ашымаған қамырды жіңішкелеп есіп, ұсақтап кесіп қайнап жатқан майға қуырады. Оның қуырылғаннан кейінгі пішіні жастықша кәмпит секілді болады.
●Ақ бауырсақ ақ ұнға еріткен сары май құйып илеп, құйрық майға қуырады. Көлемі өріктің үлкендігіндей болады.●Май бауырсақ қамыры сүт пен майлы сорпаға иленеді. Содан соң майды аса қайнаптай, сәл қыздырып қана қуырады.
●Шай бауырсақ деп айран мен сүттің біріне илеп майға тоғытып қуырған ши бауырсақтан сәл ірілеу ақ ұнның бауырсағын айтады.
●Тұш бауырсақ сүт, май, қант езген су үшеуін тең құйып илеп, жұмыртқа жарып, ши бауырсақша ұсақтап кесіп қуырылады. Қуырып болған соң ішіне сары май жаққан қалыпқа салынады, үстіне бал құйып, көкнәр себіледі, мейіз, мәмпәси салып қатырады.
●Ашыған бауырсақ еленген ұнға жұмыртқа жарып илеп, ашытқан қамырдан үлкендеу етіп кесіп, майға жүздіріп қуырады.
●Бармақ бауырсақ ши бауырсақ секілді дайындалады. Бар айырмашылығы – одан ұзыншалау болады.
●Жалпақ бауырсақ шай бауырсақ сияқты дайындалады. Айырмашылығы – қамыр ұзыншалап жайылып, содан кейін 2х3 см. етіп жалпақ кесіледі.Жол бауырсақ атынан көрініп тұрғандай, жолда яғни, асығыста иленген қамырдыалақанымен жұқартып алып, ұзыншалап үзіп майға қуырылады.●Бадана бауырсақ сүт немесе суға ашытқыны езіп, қамыр көтерілген соң, қатты қайнап жатқан майға қуырылады. Көлемін 4-5 см. етіп кессе, піскенде кішігірім жұдырықтай боп, томпиып шығады.
Пікір 26