Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада полицияға тиесілі емханада үстіне темір құлаған әйел көз жұмды

Қызылордада полицияға тиесілі емханада үстіне темір құлаған әйел көз жұмды

Қызылордада төбесіне құрылыс сатысының бөлшегі құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 қараша күні сағат 14.40 шамасында 102 арнасына хабар түскен.

Онда Қызылорда облыстық полиция департаментіне қарасты емханада құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында азаматшаның басына құрылыс сатысының темір бөлшегі құлап, салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болғаны айтылады.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 2-бөлігінің (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды» деп атап өтті Қызылорда қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.
03 қараша 2022 ж. 494 0