Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау тәртібі

Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашасында өткізіледі.

Сайлау өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау – барша азаматтардың міндеті. Осы орайда, сайлау учас­келерінде төмендегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптары сақталуы тиіс.

Әрбір сайлау учаскесінде оның жұмысы бас­талғанға дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұйым басшысы осы қағидаларды сақтауды қамтама­сыз етеді, оның ішінде:

1) сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбыр­ла­рының (міндетті түрде су жібере отырып), жа­рық­тандыру және күштік желілерінің, түтінге қар­сы желдеткіштің және автоматты өрт дабылы жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі, сондай-ақ тексеру еркін нысанда акт жасау арқылы жүр­гізіледі. Барлық кемшілікті ұйым басшысы сайлау учаскесінің жұмысы басталғанға дейін жояды. Анықталған кемшіліктерді жою нәтижелері бо­йынша немесе олардың болмауы бойынша сайлау учаскесінің жұмысқа дайындығы туралы акт жасалады (актілер сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамда сақталады);

2) өртке қарсы қорғау құралдарының болуы, жа­рамдылығы және қолдануға тұрақты әзірлігі қам­тамасыз етіледі;

3) сайлау комиссиясының мүшелерімен және қыз­мет көрсету үшін тартылған персоналмен қол қой­ғызып, өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт кезін­дегі іс-қимылдар туралы нұсқама жүргізіледі;

4) тамақ дайындауға арналған орындар белгі­ленеді және қыздыру аспаптарын пайдалану айқын­далады;
6) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады.

– Сайлау учаскелері ғимараттарда екінші қабат­тан жоғары орналастырылмайды. Ғимарат ішінде уақытша сауда, буфеттер ұйымдастыруға, кино жә­не бейнефильмдер көрсетуге жол берілмейді.

– Дауыс беруге арналған үстелдерді, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықтарды орналастыру адам­дар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.

– Сайлау учаскелерінің үй-жайларында ава­риялық-қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, ашық отты пайдалануға байланысты құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізуге, сон­дай-ақ от жағуға, қоқысты, қалдықтарды, ыдыс­тарды жағуға және электрмен-газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Көрсетілген жұмыстар қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен жүргізіледі.

– Сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру орындары, дауыс беруге арналған кабиналар әр жерге орналасқан кемінде екі эвакуациялау жолмен қамтамасыз етілген үй-жайларда орналастырылады.

– Сайлаушылардың қозғалысы адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ескере отырып ұйымдас­тырылады. Адам ағындарының қозғалыс бағыты көрсеткіштермен белгіленеді.

Сайлау учаскелерін пайдалану кезінде эвакуа­циялау жолдарын, өрт сөндіру және байланыс құ­ралдарына, электр энергиясын өшіру құрылғы­ларына қол жеткізу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты іс-шараларды өткізу кезінде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есіктерін жабуға жол берілмейді.

Өрт шыққан жағдайда МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:

Өрт шыққан туралы дабыл қағылған жағдайда ғимараттағы барлық адам жедел көшіру жоспарына сәйкес бөлмелерден шығып, ең қысқа жолдармен ғимараттан шығуы керек. Көшіру кезінде сабырлық сақтау қажет. Өйткені, мұндай шақта түрлі жағдайлар орын алып, соның салдарынан адамдарға қауіп төнуі мүмкін.

Өрт шыққан кезде тез арада 101 нөміріне қоңы­рау соғу керек.

Сырдария ауданы
төтенше жағдайлар бөлімі
01 қараша 2022 ж. 342 0