Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау

Сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау

2021 жылғы 25 шілде күні Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен А.Тоқмағамбетов, Н.Ілиясов және Іңкәрдария ауылдық округтері әкімдерін сайлау өткізіледі.

Сайлау өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау – баршаның міндеті. Осы орайда, сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс.

Әрбір сайлау учаскесінде жұмыс басталғанға дейінгі кемінде он күн ішінде сайлау учаскесі орналасқан объект басшысының бұйрығымен өртке қарсы тиісті режим белгіленеді. Осы Қағидалардың ережелерін орындау қамтамасыз етіледі. Оның ішінде:

1) Сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының, жарықтандыру және қуат желілерінің, түтінге қарсы желдеткіш пен өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Сондай-ақ акт дайындалып, қажетті тексерістер жүргізіледі. Барлық ақау сайлау учаскесінің жұмысы басталғанға дейін жойылады. Анықталған кемшіліктерді жою нәтижелері бо­йынша немесе олар болмаған жағдайда сайлау учаскесінің да­йын екендігі туралы акт дайындалады (актілер сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты адамда сақталады);

2) Алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өрт автоматикасының, байланыс және хабарлау құралдарының болуы, жарамдылығы және пайдалануға үнемі дайындығы қамтамасыз етіледі;

3) Сайлау комиссиясының мүшелерімен және қызмет көрсету үшін жұмылдырылған қызметкерлермен өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт шыққан кезде іс-қимыл жасау туралы қол қойып, нұсқаулықтан өтеді;

4) Тамақ дайындауға арналған орындар белгіленеді және қыздыру аспаптарын пайдалану тәртібі анықталады;

5) Темекі тартуға арналған орындар анықталады;

6) Үй-жайларды тексеру және жабу тәртібі орнатылады;

7) Ауылдық жерлерде отқа төзімділігі IIIа-V дәрежелі ғимараттарда бір ғана сайлау учаскесін орналастыруға жол беріледі. Бұл ретте сайлау учаскесі бірінші қабатта орналастырылады, ал сауда орны, буфеттер, кино-бейне фильмдер көрсету уақытша ғимараттан тыс ұйымдастырылады.

8) Сайлау учаскесі телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Әрбір телефон аппаратының жанында өртке қарсы қызметті шақыру телефонының нөмірі бар тақтайша орнатылады (ілінеді).

9) Дауыс беруге арналған үстелдерді, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықтарды орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды ескере отырып, үй-жайдың периметрі бойынша жүзеге асырылады.

10) Сайлау учаскелерінің жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу) пайдалану жұмыстарын жүргізуге жол беріледі. Көрсетілген жұмыстар қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен жүргізіледі.

11) Сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру, дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерінің (буфеттер және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар) орындары әр жерге орналасқан кемінде екі эвакуациялау жолы бар үй-жайларда орналастырылады. Ғимараттың вестибюлінде ашық киім-кешек ілу орындарын орналастыруға болады. Сондай-ақ өрт кезінде эвакуа­циялау жолдарының енін тарылтпайтын және эвакуациялауға кедергі келтірмейтін уақытша сауда орнын ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

12) Сайлаушылар қозғалысының да дұрыс ұйымдастырылуы назарға алынады. Адамдар легінің қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгіленеді.

13) Сайлаушыларды тіркеу үй-жайларынан эвакуациялық шығу жолдарын, бюллетеньдер беруді, дауыс беруді нұсқағыштар сайлау учаскесі жұмыс істеп тұрған уақытта қосулы тұрады. Егер «ШЫҒУ» деген жарықтандырылған нұсқағыштарды орнату жобада көзделмесе, көрсетілген үй-жайлар эвакуациялау бағытын нұсқағыштармен қамтамасыз етеді.

Сайлау учаскелерін пайдалану кезінде:

1) Сайлау учаскесінің үй-жайлары мен ғимаратынан эвакуациялық шығу жолдарында дауыс беруге арналған кабиналар, бюллетеньдерге арналған жәшіктер мен үстелдер орнатуға, уақытша сауда нүктелерін қоюға, іс-шаралар өткізуге;

2) Эвакуациялау жолдарын, өрт сөндіру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшіру құрылғыларына баратын жолдарды жабуға, сондай-ақ дауыс берумен байланыс­ты іс-шараларды өткізу кезінде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есіктерін жабуға жол берілмейді;

3) Электр энергиясы өшірілген жағдайда сайлау учаскесінің ғимараты авариялық жарықтандырумен жабдықталады.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды және төтенше жағдай кезінде 101, 112 құтқару қызметіне хабарласуға болады.

Сырдария ауданы төтенше
жағдайлар бөлімі
20 шілде 2021 ж. 585 0