Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі күдікті ұсталды

Екі күдікті ұсталды

Тәртіп сақшылары аудан аумағынан кезекті іс-шара барысында қауіпті күдіктілерді ұстады. Атап айтқанда, «Қарасора» іс-шарасына жұмылдырылған  Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Н.Ілиясов ауылының тұсында  полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолының 1756-шақырымында жол ережесін бұзған «Лада» автокөлігін тоқтатады. Автокөліктен екі  келіге жуық есірткі, шолақ мылтық және патрондар табылды. Тексеру барысында екі күдікті азамат қамауға алынды.

Тексеру барысында көліктен 1-ұңғылы, 12-калибрлі, «МР-155» шолақ мылтық, 4 патрон және пакеттерге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынған. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік зат екі келіге жуық «кептірілген марихуана» екендігі нақтыланды.

Автокөлікті тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші және 30 жастағы жолаушысы Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер УҰИ қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.


Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы
Мұхтар Қожабаевтың фейзбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды
26 қыркүйек 2022 ж. 277 0