Терроризмдi насихаттаған адамға қатысты сот үкімі қабылданды
Баршамызға белгілі, Терроризм – ХХІ ғасырдың басты қауіп-қатерінің бірі. Бұл ретте, «Әл-Қаида», «Күрд халық конгресі», «Мұсылман бауырлар», «Хизб-ут-Тахрир» сияқты 15-ке жуық теріс ұйымдардың елімізде іс-әрекет етуіне тыйым салынған.
Терроризмдi насихаттау, сол сияқты материалдарды тарату мақсатында сақтау және тарату, террористік топтың әрекетіне қатысу болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық әрекетті алдын алу болып табылады.
Сырдария ауданының тұрғыны «А.В.Ф.» есімді азамат радикалды бағыттағы Ислам дінін ұстанып, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері қылмыстық қудалау органымен құрықталды.
«А.В.Ф.» халықаралық террористік ұйымдардың Сирия Араб Республикасында жатқан қанды шайқастарды қолдап, өзінің осы соғысқа баруға дайындалған және аудан тұрындарына «ВКонтакте» және «Телеграм» желілері арқылы ашылған парақшасымен ашық түрде террористік іс-әрекетті насихаттайтын белгілері бар, хабарламалармен және бейнежазбаларды таратып, насихаттаған.
Құқық қорғау органдарымен «А.В.Ф» әрекеті әшкереленіп, ол Сырдария аудандық сотының 20.10.2021 жылғы үкімімен «А.В.Ф.», ҚР ҚК-нің 256-бабында (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257-бабында (Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болды.
Дәуірбек Ұзақбаев,
Сырдария аудандық
прокуратурасының прокуроры