Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Таңғажайып отбасылық мереке

Таңғажайып отбасылық мереке

Төрге озған Жаңа жылды барша жұрт асыға күтеді. Себебі, отбасылық мереке саналатын ғажайыпқа толы мерекеде әсі­ресе, балалар шат-шадыман, қуанышқа бөле­неді.
Мәселен, «Жаңа жылды тойлау қашан пайда болды» деген сұраққа келсек, шамамен біздің заманымызға дейін 3000 жылы алғаш рет басталған. Жамандықтың жеңілуі, жақсылықтың салтанат құруы деп санап, маскарад пен карнавалдар өткі­зілген. Үлкен мейрамға ұласқан той күнін­де ешкім жұмыс істемеген. Бұл «Месопотамиядан бастау алған мейрам» дейді деректер. Кейбір елдерде Жаңа жыл әртүрлі уақытта аталады. Гректер жыл санауын Олимпиада ойындарынан бастаса, шығыс халқы Наурызды жыл басы санайды.
Жалпы, қай елде де Жаңа жылда ән айтып, би билеу, мерекелік дас­тар­хан жаю, сыйлық үйлестіру дәстүрі бар. Ал «Жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойы солай болады» деген наным бойынша адам­дар Жаңа жылды бар жаңасын киіп, молшылықпен қарсы алған. Ескі-құс­қыдан тазару дәстүрі Италияда пайда болған. Бұл жан дүниені тазартамыз деген сенімнен шыққан. Ең маңызды дәстүр – жақсы тілек тілеу. Көне ғасырдан келе жатқан дәстүр бойынша «Жаңа жыл қар­саңында не тілесең де, міндетті түрде орындалады» деп сенген. Босағадан ат­таған Жаңа жыл барша отбасына құт-бе­ре­ке, молшылық пен баянды бақыт әкел­сін!

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
01 қаңтар 2022 ж. 677 0