Жазмыш
Майдан даласы. Оқ нөсерше жауып, қардай борап тұр. Әбден қалжыраған бір рота сарбаз снарядтан қалған шұңқырда ұйықтап жатыр.
Оның бүйіріне бірдеңе батқандай болды. Алақанымен қан мен тер сіңген шинелінің астын тазалап еді. Біз батқандай дүние түрткілей берді. Аунап түсіп екінші бүйірімен жатса да, мазасы қашты. Сосын иек астындағы келесі апанға барып жамбастаған. Көзінің ілінгені сол екен, қаңғыған снаряд ысылдап келді де, рота жатқан жерді көміп тастады. Тірі қалған жалғыз өзі ғана.
...Бүйірін түртіп, ажалдан араша болған әлі өмірге келмеген, тұлғасы түгілі сұлбасы да жоқ он баласының жарық дүниеге деген ұмтылысы екен-ау.
Ержан БАЙТІЛЕС