Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Cіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балаларды қорғау күні – бүкіл адамзат баласының ең асыл қазынасы, болашақтың жарқын үміті – балаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Балалардың күлкісі мен қуанышы – әр отбасының бақыты, ең үлкен байлығы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Балалар – біздің болашағымыз. Еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды» деп атап өтті. Аймағымызда Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен балаларды сапалы біліммен қамту, өнер және шығармашылықпен айналысу үшін жақсы жағдайлар жасалуда.
Қазақта «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар. Балаларымыз білімге құштар, еңбекке ұмтылған, мейірімді де парасатты болып, Мәңгілік елдің келешегін кемел етсін.
Мереке құтты болсын!










