Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шартты түрде» республикалық іс-шарасы жүргізілуде

«Шартты түрде» республикалық іс-шарасы жүргізілуде


ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №243 бұйрығымен бекітілген ҚР.ІІМ-нің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарының 99-тармағын орындау пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар мен азаматшалардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 21-27 маусым аралығында «Шартты түрде» республикалық іс-шарасы өткізілуде.

 Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ-і бөлімшесінің УПИ-ры қызметкерлері мен пробация қызметкерлері бірлесіп есепте тұрған 41-сотталғанның тұрғылықты мекен-жайын тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеріс барысында сотталғандарға жаза өтеу тәртіптері мен міндеттері түсіндіріліп қайта қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамау жөнінде профилактикалық сұхбаттар алынды.


– Осы іс-шара есептегі азаматтарды дұрыс жолға салып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруда оң ықпалы болады деген сенімдеміз, –  деді Сырдария аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Асылжан Сақыбекұлы.
24 маусым 2021 ж. 377 0