Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бұқтырмада екі көлік суға батты

Бұқтырмада екі көлік суға батты

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасында мұз ойылып, екі көлік суға батты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпанда «Isuzu» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі «Қызыл ту» өткеліндегі шектеуге қарамастан Бұқтырмай су қоймасында мұз үстімен жүрген. Соның салдарынан мұз жарылып, көлік суға батып кеткен. 15 ақпан күні болған екінші оқиғада «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астында қалған. Абырой болғанда, екі жағдайда да зардап шеккен ешкім жоқ.
«Көлік ішінде болғандар сыртқа шығып үлгеріп, құтқарушыларға хабарласқан. Алайда біздің мамандар адам өміріне қауіп төнген сәтте ғана көмек көрсетеді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Күршім ауданындағы Қызыл ту өткеліне 1 300 метрлік көпір салынатындығын хабарлаған болатынбыз.

17 ақпан 2020 ж. 829 0