Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атышулы Тоқтар Төлешовтің бір коттеджін қайта жөндеу үшін бюджеттен 30 миллион теңге бөлу қажет

Атышулы Тоқтар Төлешовтің бір коттеджін қайта жөндеу үшін бюджеттен 30 миллион теңге бөлу қажет


Себебі әкімшілік қарауына өткен зәулім ғимарат күннен күнге тозып барады екен. Қараусыз қалған нысанның айналасындағы жасыл желек суғарылмағандықтан қурап кеткен. Ал, қожайыннан тәркіленген асыл тұқымды төрт түліктері осы күні төлдеп, саны артып жатқан көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шымкенттегі «Шапағат» шағын ауданы бай манаптардың мекені. Тоқтар Төлешовтен тәркіленген коттедждің бірі осында орналасқан. Қазір, мұнда қалалық білім басқармасына қарасты балалар көркем сурет мектебі жұмыс істейді. 500-ге жуық бала өнердің 7 түрін меңгеріп жүр. Алайда кілең қалталы кәсіпкерлер тұрғандықтан, бұл маңайда аялдама жоқ. Сондықтан, оқушылар үш шақырым жерді жаяу жүруге мәжбүр, – дейді мектеп басшысы.

«Балалар жиналып қойған. Дайын тұр, қазіргі таңда. Тағы да 500 баланы қамтуға мүмкіндігіміз бар. Сол жиналған балаларға мектеп ашылса, тағы да жағдай жасап, жандандыруға дайынбыз» – дейді балалар көркемсурет мектебінің директоры Тояш Оразова.

Ал, Төлешовтен тәркіленген екінші бір коттеджі қаңырап бос тұр. Бұл нысан да балалар көркем сурет мектебіне берілген. Бірақ, оны қайта жөндеп, іске асыру үшін 30 млн теңге қажет екен. Ол қаражат мұғалімдердің штат бірлігі, жалақысы және күрделі жөндеу мен жиһаз сатып алуға жұмсалады. Тиісті ақша бөлінбегендіктен, әзірге ешкім көшіп келген жоқ. Осы күні олигархтың үйі тозып кеткен. Төлешовтер ауыз суға 240 мың теңге қарыз болып, су құбырынан ажыратылған. Салдарынан ауладағы кейбір сирек кездесетін өсімдіктер қурап кетіпті.

Тоқтар Төлешовтің кезінде өзі тұрған тұрғын үйінің ауласы ертегіге ұқсас. Мұндағы әрбір өсімдіктің барлығы эксклюзивті. Қазақстанда сирек кездесетін көрінеді. Оларды арнайы әкеп отырғызған. Міне, бұрыштағы сарқыраманың өзі неге тұрады. Бір қызығы, мұндағы барлық суғару жүйесі және электр жабдықтары автоматты түрде пультпен басқарылған екен.

«Ауаны тазартуы, жылу беру жүйесі, терезелердің ашылып жабылуы бар барлығы пультпен басқарылған. Оның барлығы әрине қазір қырқып тастаған. Жұмыс істемейді. Бізге жобаны жасаушыларды көрді барлығын. Енді бізге икемдеп, ыңғайлысын жасап береміз деді» – дейді балалар көркемсурет мектебінің директоры Тояш Оразова.

Бекет батыр көшесіндегі бұл зәулім ғимаратта Тоқтар Төлешов ұсталғанға дейін өмір сүрді. Кейінен, тұрғын үй мемлекет меншігіне өткенімен, біраз уақытқа дейін отбасы мүшелері жайлы мекеннен кеткісі келмегені рас. Болмаған соң, ішіндегі барлық қымбат дүниелер мен жиһаздарды өздерімен бірге алып кетуге тура келіпті. Бірақ, сонда да мұнда байлықтың жұрнақтары сақталып қалған.

Хан сарайындай зәулім үйде бұрынғы сыра королі барынша өмір сүргені көрініп тұр. Міне, қарапайым еденнен бастап, жихаздарға дейін тапсырыспен жасалған және бағасы өте қымбат екен. Әрбір жатын бөлмеде жуынатын арнайы орын болған. Міне, кафельдің өзі италияда жасалған көрінеді. Өте қымбат, бірақ, керемет!
Айтпақшы, Төлешовтің төрт түлігі ат спорты мектебі мен хайуанаттар бағында бағылып жатыр. Зоопарктегі бес жылқының біреуі былтыр белгісіз жағдайда өліп қалса, енді бірін сондағы қызметкерлер сойып алыпты. Асыл тұқымды саналған «Аргон» сәйгүлігі қазір экспонатта тұр.

«Екі ботасымен қосқанда 5 түйе болды. Ал, жылқылардан бір бие төлдеп, атын «Белка» қойдық. Қазіргі таңда бізде жылқылардың саны 4 басқа жетті» – дейді Шымкент хайуанаттар бағының қызметкері Ұлболсын Ырысова.

Осы күні бұрынғы олигархтың отбасы қайда тұрып жатқаны белгісіз. Ал, өзі шымкенттегі түзеу мекемесініңм бірінде жазасын өтеп жатыр. Естеріңізге сала кетейін, «Шымкент сыра» зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30-қаңтарында ұсталған еді. Кейін кәсіпкерге «қылмыстық топ құрып, билікті басып алмақ болған және жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырды» деген айып тағылып, 21 жылға сотталған еді.
29 қыркүйек 2018 ж. 11 605 1 068
Пікір қалдыру

Пікір 1 068

male viagra pill walmart от 8 шілде 2022 07:01

get canadian drugs от 12 шілде 2022 09:08

canada drugs от 12 шілде 2022 19:11

levitra women от 13 шілде 2022 21:49

list of canadian pharmacies от 15 шілде 2022 16:47

order vardenafil от 15 шілде 2022 21:41

paper cup tahan panas от 22 шілде 2022 14:29
paper cup, harga paper cup, paper bowl murah, harga cup rice bowl, harga paper cup kopi, paper bowl bakso, paper cup es krim, tutup paper cup, paper cup nastar, paper cup tahan panas, paper cup kecil, harga paper cup kecil, paper cup hitam, sedotan paper cup, harga paper cup 8 oz, paper cup untuk minuman dingin, paper cup kopi panas, harga paper cup nasi, paper cup bakso, harga paper cup mini, paper cup coklat, kemasan paper cup, paper cup murah, paper cup ramah lingkungan, paper cup putih, pegangan paper cup, paper cup besar, harga paper cup bowl, harga paper cup 12 oz, harga cup paper, paper cup mie, paper cup minuman, paper cup kotak, paper cup dengan tutup, brown kraft paper cup, gopapercup, harga paper cup 16 oz, paper cup mie ayam, paper cup solo, papercup mini, harga tutup paper cup, paper cup dan tutup, paper cup untuk coklat, paper bowl unik, harga paper cup ice cream, percetakan paper cup, harga paper cup 22 oz, harga paper cup coffee, paper cup untuk bakso, paper cup untuk kopi, paper cup es cream, paper cup untuk nasi, perusahaan paper cup, papercup 8oz, papercup 12oz,

canadian pharmacies от 26 шілде 2022 18:23

safe online pharmacies in canada от 11 тамыз 2022 07:41

pharmacies withour prescriptions от 11 тамыз 2022 08:45

online pharmacy usa от 14 тамыз 2022 15:42

canadian pharmacy meds от 14 тамыз 2022 16:49

mexican pharmacy от 24 тамыз 2022 15:34

online pharmacies от 25 тамыз 2022 01:21

top online pharmacies от 14 қыркүйек 2022 16:41

online prescription от 15 қыркүйек 2022 16:57

the discount pharmacy от 15 қыркүйек 2022 17:40