Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы не үшін күніне 8 рет құшақтау керек?

Баланы не үшін күніне 8 рет құшақтау керек?


Белгілі отбасылық дәрігер Виржиния Сатирдің пайымдауынша, баланың өмір сүруі үшін оны күніне 4 рет құшақтау керек, денсаулығы мықты болуы үшін күніне 8 рет құшағымызға қысуымыз керек, ал олардың өсуі үшін 12 рет құшақ қажет екен.

Ал, сіз балаңызды күніне қанша рет құшағыңызға аласыз?
Адам тұлғасының негізі бала өмірінің алғашқы жылдарында қаланады. Ересек адамның денсаулығы да оның сәби шағында ата-анасы мен өзге адамдардан жылулық пен мейірімнің сапасымен және көлемімен анықталады.
Балаңызға деген өз махаббатыңызды көрсетудің бірден-бір тиімді жолы – оған барынша зейін қою. Бала үнемі ата-анасымен рухани қарым-қатынаста болуды қажет етеді. Есейгенге дейін олар ата-анасымен сөйлесуге, олардың қасында болуға мұқтаж. Баланың өсіп дамуы үшін тамақ қанша қажет болса, ата-ананың мейірімі де соншалықты керек. «Шаршадым», «қолым бос емес» деген сылтауларға жеңдірмей, үнемі балаларыңыздың көңіл-күйін, олардың проблемаларын түсінуге, оларды тыңдай білуге тырысыңыз. Балаңызбен қаншалықты көп уақыт өткізсеңіз, сіздердің қарым-қатынасыңыз да соншалықты жақсы болады. Балаларыңызға арнаған уақытыңыз сіздердің араңыздағы бір-біріңізге деген сенімнің ұзақ жылдарға сақталуына септігін тигізеді. Балаңыз өзінің жетістіктері мен қиындықтары туралы ең алдымен сізбен бөлісетін болады.
Сіздердің бірге өткізген уақыттарыңыз екі тарапқа да пайдалы болады. Әр түрлі әрекеттер іс-шаралар (саяхат, музыкамен, спортпен айналысу, сурет салу т.б.) баланың интеллектуалдық деңгейін арттырады және оның шығармашылық белсенділігін дамытады. Сіз қызыңызбен бірге би үйірмесіне, көркем гимнастикаға, балет мектебіне жазылып, бірге баруыңызға болады. Ал неге ұлыңызбен бірге авиамодельдеу мектебіне, каратэге, спорттық гимнастикаға т.б. пайдалы іс-шараларға қатыспасқа?!
Сондай-ақ оларды жүзуге, велосипед айдауға, роликті коньки тебуге үйретіп, музыка мұғалімін немесе сурет салуды үйрететін оқытушыны үйге шақыруыңызға болады т.с.с.
Ал балаларыңыз есейгенде, сіздер бір-біріңіз үшін нағыз дос болып қаласыздар, сіздерді қызықтыратын ортақ әңгіме, түрлі қызықты жобалар табылады, сіздер бірлесе отырып қуанышты сәттерді еске аласыздар және бірге болашаққа жоспар құрасыздар. Сіздердің ұстанатын ортақ жанұялық дәстүрлеріңіз де болады, мәселен: түрлі ойын-сауықтар ұйымдастыру, құрбыларды шайға шақыру, қыздар мерекесін өткізу, онда сіз қызыңызбен барынша сырласа аласыз. Сондай-ақ жанұяңызбен табиғатқа шығып серуендеу, кинофильм, мультфильм тамашалау т.б. Мұның барлығы сіздердің қарым-қатынастарыңызды нығайта түседі. Балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді түсінетін боласыздар. Сіздер бір-біріңізге ең қымбат сыйлық сыйлайсыздар: ол – сіздердің жылы сөзіңіз, мейірімге толы көзіңіз, ыстық құшағыңыз, жан жүрегіңіз.
Перзентіңізді Жаратқанның ең қымбат сыйы ретінде қадірлеңіз!
Нақыпбекова Раиса Үбітайқызы,
Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Психологтар қауымдастығының мүшесі.
03 шілде 2018 ж. 13 644 968

Piterzl от 20 қараша 2024 02:10

Maxinct от 17 желтоқсан 2024 08:21

Kloungp от 26 желтоқсан 2024 01:58

Klounrd от 4 қаңтар 2025 04:17

best online drugstore от 9 қаңтар 2025 17:25

canadian drug stores от 16 қаңтар 2025 16:05

buy prescription drugs online от 17 қаңтар 2025 04:16

online pharmacy medications от 26 қаңтар 2025 06:04

online canadian pharmacy от 13 ақпан 2025 11:31

drugs online от 13 ақпан 2025 11:50

viagra for women online от 15 ақпан 2025 08:24