Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы не үшін күніне 8 рет құшақтау керек?

Баланы не үшін күніне 8 рет құшақтау керек?


Белгілі отбасылық дәрігер Виржиния Сатирдің пайымдауынша, баланың өмір сүруі үшін оны күніне 4 рет құшақтау керек, денсаулығы мықты болуы үшін күніне 8 рет құшағымызға қысуымыз керек, ал олардың өсуі үшін 12 рет құшақ қажет екен.

Ал, сіз балаңызды күніне қанша рет құшағыңызға аласыз?
Адам тұлғасының негізі бала өмірінің алғашқы жылдарында қаланады. Ересек адамның денсаулығы да оның сәби шағында ата-анасы мен өзге адамдардан жылулық пен мейірімнің сапасымен және көлемімен анықталады.
Балаңызға деген өз махаббатыңызды көрсетудің бірден-бір тиімді жолы – оған барынша зейін қою. Бала үнемі ата-анасымен рухани қарым-қатынаста болуды қажет етеді. Есейгенге дейін олар ата-анасымен сөйлесуге, олардың қасында болуға мұқтаж. Баланың өсіп дамуы үшін тамақ қанша қажет болса, ата-ананың мейірімі де соншалықты керек. «Шаршадым», «қолым бос емес» деген сылтауларға жеңдірмей, үнемі балаларыңыздың көңіл-күйін, олардың проблемаларын түсінуге, оларды тыңдай білуге тырысыңыз. Балаңызбен қаншалықты көп уақыт өткізсеңіз, сіздердің қарым-қатынасыңыз да соншалықты жақсы болады. Балаларыңызға арнаған уақытыңыз сіздердің араңыздағы бір-біріңізге деген сенімнің ұзақ жылдарға сақталуына септігін тигізеді. Балаңыз өзінің жетістіктері мен қиындықтары туралы ең алдымен сізбен бөлісетін болады.
Сіздердің бірге өткізген уақыттарыңыз екі тарапқа да пайдалы болады. Әр түрлі әрекеттер іс-шаралар (саяхат, музыкамен, спортпен айналысу, сурет салу т.б.) баланың интеллектуалдық деңгейін арттырады және оның шығармашылық белсенділігін дамытады. Сіз қызыңызбен бірге би үйірмесіне, көркем гимнастикаға, балет мектебіне жазылып, бірге баруыңызға болады. Ал неге ұлыңызбен бірге авиамодельдеу мектебіне, каратэге, спорттық гимнастикаға т.б. пайдалы іс-шараларға қатыспасқа?!
Сондай-ақ оларды жүзуге, велосипед айдауға, роликті коньки тебуге үйретіп, музыка мұғалімін немесе сурет салуды үйрететін оқытушыны үйге шақыруыңызға болады т.с.с.
Ал балаларыңыз есейгенде, сіздер бір-біріңіз үшін нағыз дос болып қаласыздар, сіздерді қызықтыратын ортақ әңгіме, түрлі қызықты жобалар табылады, сіздер бірлесе отырып қуанышты сәттерді еске аласыздар және бірге болашаққа жоспар құрасыздар. Сіздердің ұстанатын ортақ жанұялық дәстүрлеріңіз де болады, мәселен: түрлі ойын-сауықтар ұйымдастыру, құрбыларды шайға шақыру, қыздар мерекесін өткізу, онда сіз қызыңызбен барынша сырласа аласыз. Сондай-ақ жанұяңызбен табиғатқа шығып серуендеу, кинофильм, мультфильм тамашалау т.б. Мұның барлығы сіздердің қарым-қатынастарыңызды нығайта түседі. Балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді түсінетін боласыздар. Сіздер бір-біріңізге ең қымбат сыйлық сыйлайсыздар: ол – сіздердің жылы сөзіңіз, мейірімге толы көзіңіз, ыстық құшағыңыз, жан жүрегіңіз.
Перзентіңізді Жаратқанның ең қымбат сыйы ретінде қадірлеңіз!
Нақыпбекова Раиса Үбітайқызы,
Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Психологтар қауымдастығының мүшесі.
03 шілде 2018 ж. 13 472 931

online meds no rx reliable от 14 қыркүйек 2022 18:56

cheapest canadian online pharmacy от 15 қыркүйек 2022 09:14

pharmacy canadian от 16 қыркүйек 2022 16:54

online prescriptions without script от 17 қыркүйек 2022 01:27

no 1 canadian pharmacy от 17 қыркүйек 2022 01:36

online pharmacies without an rx от 18 қыркүйек 2022 19:03

buy mexican drugs online от 19 қыркүйек 2022 01:56

canadian pharmaceutical ordering от 22 қыркүйек 2022 23:45

online pharmacy canada от 23 қыркүйек 2022 15:29

prescription drugs от 25 қыркүйек 2022 14:50

legitimate canadian pharmacy от 26 қыркүйек 2022 13:06

canadian pharmacy online от 29 қыркүйек 2022 08:33

cheap prescription drugs от 29 қыркүйек 2022 16:28

canadian rx от 3 қазан 2022 08:10

canada prescriptions от 3 қазан 2022 19:29