Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар сыр шертеді

Жұлдыздар сыр шертеді

9 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұсынады

Тоқты
Тапқырлығыңыз бен табандылығыңыз сізге жақсы табыс әкеледі. Бірақ шектен шықпаңыз. Бүгін жастар мен балалармен байланыс орнатуға қолайлы күн.

Торпақ
Бүгін бейтаныс адамдармен тіпті жақын достарыңызбен де байланысыңыз нашарлауы мүмкін. Шамадан тыс эмоцияға берілмеңіз.

Егіздер
Айтылған әңгіменің барлығына сене бермеңіз. Болмайтын бос әңгімелер мен өсектен аулақ болғаныңыз дұрыс. Алкогольмен дәрі-дәрмекті пайдаланғанда абай болыңыз.

Шаян
Бүгінгі күніңіз сәтсіздікпен басталуы мүмкін, оған сіз өзіңіз кінәлісіз. Өз көзқарасыңызды өзгертпесеңіз өзгелермен қарым-қатынасыңыз бұзылып, денсаулығыңызға қауіп төнуі мүмкін.

Арыстан
Бүгін сіз кенеттен келген шығындардан аулақ болыңыз. «Жеті рет ойланып бір рет кескеніңіз» жөн.

Бикеш
Бүгін шаш күтімі мен сәнді киім сатып алу үшін тамаша күн. Ескі танысыңызбен қайта жолығуыңыз мүмкін, ол сізді бақытқа бөлейді. Достарыңыз бен әріптестеріңіздің қолдауына сеніңіз.

Таразы
Бұл күні сіз үшін саяхаттау қауіпті. Әйеліңізбен немесе күйеуіңізбен арада келеңсіздік орын алуы мүмкін.

Сарышаян
Билікке қарсылық танытпаңыз. Сіз бір нәрсені жақсартуға немесе жаңа көзқараспен қарауға тырасыз. Бірақ бұл жолда қателікер мен кедергілерге тап боласыз. Өзіңізді бос ұстаңыз сіз ойлаған істің әлі уақыты келген жоқ.

Мерген
Бүгін сіз үшін ескі заттардан немесе жаман әдеттерден арылу күні. Жаңа бизнесті бұл күні бастамағаныңыз жөн.

Тауешкі
Сіздің дөрекілігіңіз бен оғаш мінезіңіз басқалармен қарым-қатынасыңызды бұзып, тіпті айырылысуға әкеліп соғуы мүмкін. Жақындарыңызбен жан-жалдасуға асықпаңыз. Жолда абай болыңыз.

Суқұйғыш
Бұл күні тазалық жұмыстарымен айналысыңыз. Бүгінгі таңда теріңізге, киміңізге және үйіңізге күтім керек. Аяқ киім мен қажетті заттар сатып алу үшін қолайлы күн.

Балықтар
Жақындарыңызбен өйлескенде абай болыңыз, ренжітіп алмаңыз. Мақсатыңызға жетуге асықпаңыз, сізге үлкен демалыс керек. Туыстарыңыз тарапынан көмек болуы мүмкін.
09 қыркүйек 2019 ж. 1 207 0