Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗДАР СЫР ШЕРТЕДІ

ЖҰЛДЫЗДАР СЫР ШЕРТЕДІ

21 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды  Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі ұсынады.

Тоқты
Бүгін жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныстар түседі. Пайдасы жоқ жұмыстарға босқа уақыт шығындамаңыз. Балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Жақындарыңызбен ара-қатынаста сабырлы болыңыз.

Торпақ
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.

Егіздер
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбей, сізге «өзіне тым сенімді» деп баға беруі мүмкін. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.

Шаян
Өз ойыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. Әйтпеген жағдайда өз-өзіңізге қиындық туғызып аласыз. Өзгелердің айтқанына ермегеніңіз дұрыс. Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз.

Арыстан
Бүгін сіздің атқаратын жұмыстарыңыздың біразы қиын болады. Барлығы сіз ойлағандай жүзеге аспайды. Өз ісіңізді асықпай атқарыңыз. Сонда ғана қателіктерге бой алдырмайсыз.

Бикеш
Қарбалас күн. Көп еңбектенесіз, соның арқасында айтарлықтай жетістікке де жетесіз. Күннің екінші жартысында достарыңызбен демалыңыз. Косметикалық бұйымдар пайдаланғанда абай болыңыз.

Таразы
Жұмысыңызға қатысты, мамандар мен құрал-жабдықтарға байланысты мәселелерді шешесіз. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз басшылықтың айтқанына қарсы шықпағаныңыз жөн. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Сарышаян
Бүгінгі күн өте жайлы болмақ. Басшылық берген тапсырманы жылдам орындайсыз. Күніңіз көңілді өтіп, айналаңызға шуақ шашасыз. Күніңізді отбасыңызға арнаңыз. Балаларыңызға көп көңіл бөліңіз.

Мерген
Жұмысқа қатысты ұсыныс түсуі мүмкін. Қабыл алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Себебі бұл ұсыныс сізге пайда әкелмейді. Барлығы жақсы деп ойлағаныңызбен, әріптестеріңізбен немесе басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Тауешкі
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзге адамдармен араңызда мәселелер туындауы мүмкін. Достарыңызбен де жағдай мәз емес. Эмоцияға берілмегеніңіз жөн. Газды сусындардан бас тартып, еттен жасалған тағамдарды тұтынбаңыз.

Суқұйғыш
Сапарға шығуды жоспарламаңыз. Денсаулығыңызға мән беріңіз. Түстен кейін көңіл-күйіңіз түсіп, аздап шаршайсыз. Үй ішіндегі шаруалардан да шаршап, қаржылық жағдайыңыз қиындай түседі. Уайымға салынбаңыз.

Балықтар
Түстен кейінгі уақыт сіз үшін ауыр болады. Кейбір адамдар сізге жағымсыз көзқараспен қарауы мүмкін. Жаныңыздағы адамдармен байланысты аздап шектегеніңіз дұрыс. Денсаулығыңызды күтіңіз.

21 тамыз 2019 ж. 827 0