Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЙ ШАРУАСЫ: ЕР МЕН ӘЙЕЛДІҢ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

ҮЙ ШАРУАСЫ: ЕР МЕН ӘЙЕЛДІҢ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

Кез келген отбасында мерзімді түрде ыдысты кім жуады, қоқысты кім шығарады, жексенбі күндері кім тамақ дайындайды деген сияқты даулар болып тұрады. Кім шаң сорады, кім гүлге су құяды?

Түкке тұрмайтын осындай мәселелер қатты дауға, орасан жанжалға, тіпті ажырасуға да әкеліп жатады.

Осыған ұқсас мәселелерді шешудің ең жақсы әдісі еркек пен әйел адамның арасында үй шаруасын бөлу болып табылады. Бірақ тағы бір сұрақ туындайды: қалай бөлуге болады? Теңдей ме, әлде барлығын бірге жасаймыз ба? Бір қарағанда мұндай амал әсте жақсы болып көрінеді. Әйелі қазан жуып жатса, ері жуылған тәрелкелерді жылтыратып сүртіп тұр, қыз ас үйдің еденін солтүстік қабырғадан ортаға қарай жуып тұрса, жігіт оңтүстігінен жуып тұрады. Қоқыс шелегінің тұтқасын екеулеп ұстап бара жатқан жұп қандай керемет көрінеді, әсіресе есіктен шығарда қыстырылып қақтығысқанда... Ойымыз жаман емес, бірақ оны толық сандыраққа айналдырмау керек: еркектің белдемшеңіздің етегін қайыра тігіп отырғаны сандырақ, осыдан кейін белдемшені де лақтыруға тура келер...

Не істесе болады?

Көп тәжірибелі социологтар үй шаруасы үш шарт орындалған жағдайда қалыпты жүргізілетінін анықтады: біріншіден, әр серіктес өзінің нақты міндеттерін білгені дұрыс (еркек машинаны шұқылайды, ал әйелі – тамақ дайындайды). Екіншіден, олар наным-сенімдеріне қарай бөлінгенде (еркек сыра ішіп отырып, футбол көреді, ал әйелі – қол орамалын ұстап ап, сериал көреді). Үшіншіден, міндеттерді бөлу қоғам нормалары мен мәдениетке сәйкес болса (яғни қайтадан, еркек футбол көреді, ал әйелі – қол орамал ұстап, сериал көреді). Құлаққа жақсы естіледі екен, бірақ мен тағы бір шартты қосар едім: осындай еңбекті бөлу адамдарды ажыратпай, керісінше оларды жақындастыра түссе. Әйтпесе, кейбір заманауи отбасыларында кездесетін сандырақ жағдайлар болып жатады.

Теңдікке қол жеткізуге ұмтылатын көптеген әйелдер неке келісімін жасайды, онда үй шаруасынан ерлі-зайыптының қайсысы нені және қашан істейтіні толығымен жазылған. Мысалы, әйелі жексенбі күннен басқа барлық күні тамақ дайындайды; еркек жексенбі күні тамақ дайындайды (бұған азық-түлікті сатып алу мен ыдыс жуу кіреді); таңғы ас күн ара дайындалады; кім үйге қонақ шақырса, сол азық-түлік сатып алып, дайындалады, ыдыс жуады... Сондай-ақ, екі тараптың неке міндеттерін орындауы да регламенттеледі. «Тарап» – қандай кең мағыналы сөз! Бұл жағдайда «отбасы» емес, ал екі бөлек «тарап» қана бар. Ас үйде бір-бірін итеріп, бір уақытта еден жуу аса ыңғайлы емес екен, ал «қоқысты дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері 7:30 бастап 8:00 дейін шығару» да оптимизм тудырмайды. Сондықтан ешкімге кедергі болмайтындай жасайтын істі дұрыстап бөліп алу қажет.


«Үй шаруасы» ішінде еркектер (машинаны жөндеу, сантехниканы жөндеу, осы аптада бесінші рет қабырғаға кітап сөресін қағу) және әйелдер (пішу және тігу, еденді жуып, шаң сүрту, сериал қарау) жасайтын істер бар. Қыздар бізге – еркектерге қарағанда шыдамдырақ болып келеді, үйдегі күнделікті жалықтыратын жұмысты (паркетті сүрту, гүлдерге су құю) жасай береді. Одан басқа, әйел адам табиғатымен асыраушы, сондықтан көптеген қыздар еркектерге қарағанда жақсырақ тамақ дайындайды. Сондықтан тамақ дайындауды «қара» жұмысқа (ер адам көкөністерді дүкеннен сатып алады, картоп тазалайды және үлкен пышақпен сәбізді ұсақ етіп турайды) және «таза» жұмысқа (қыз жасалған дайын азықтарды кастрөлге салып, тұздап, көз қиығын Гордон Рамзидің «Фастфуд» кітабына сала отырып, дәмдеуіштер қосады) бөлуге болады.

Үйдегі жұмыстарды осылай бөлу ешкімге қысым жасамайды және ер мен әйел психологиясының ерекшеліктеріне сәйкес келеді, сондықтан отбасылық өмірді одан бетер нығайта түседі!
12 тамыз 2019 ж. 521 0