ҚҰРБАН АЙТТА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАҒАН АДАМ КІМ?

«Әкеге қарап ұл өсер» дейді халық даналығы. Алтынбектің әкесі Балашбек Шағырұлы ұлағатты ұстаз, ақын, жазушы, журналист, бір сөзбен айтқанда рухани бай адам еді. Кім болса да тегіне тартпай тұрмайды. Жазушының баласы қайрымдылық жасаудан да кенде емес. Күні кеше Құрбан айт мерекесінде Тереңөзектен Қызылордаға бір «Газель» жолаушыны тегін апарды. Сауапты істер атқаруға даяр тұратын азаматқа жолаушылар алғысын жаудырды.
«Жауынменен жер көгерер, алғыспенен ер көгерер» дегендей кәсібің өрге басып, отбасың бақыт пен табысқа кенелсін дейміз біз де Алтынбекке.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ