Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Некедегі күйзелісті қалай жеңеміз?

Некедегі күйзелісті қалай жеңеміз?

Отбасылық өмір қуанышты сәттермен қатар қиындықтардан да тұрады. Кей отбасылық жұп мәселені шеше алмай айырылысып жатады. Назарыңызға ерлі-зайыптылар арасында кездесетін күйзелістерді және оны жеңу жолдарын ұсынамыз.

Алғашқы жыл күйзелісі
Бірінші жылдың соңына қарай ерлі-зайыптылар арасында түсінпеушіліктер көбейе бастайды. Егер бұрын сүйіктісі тек жағымды қасиеттерден тұрса, енді кемшіліктері арта бастағандай көрінеді. Олардың бұрын байқамаған әдеттері бір-бірінің жүйкесіне тиеді. Шашылған киімге, дұрыс піспеген тамаққа және басқа да үйдегі шаруаларға наразылықтар пайда болады.
Кеңес: Егер серігіңізді өз табиғи болмысымен қабылдасаңыз, бұл кезең жеңілдейді. Серігіңізді өзгертуге тырыспаңыз. Барлық түсініспеушілікті бірден тіке, бірақ сабырмен айтыңыз. Ол проблеманы сіз қалай көретініңізді айтыңыз. Бірақ өзіңіз де сын қабылдауға дайын болыңыз.

Баланың дүниеге келу күйзелісі
Бірінші дүниеге бала келгенде ерлі-зайыптылардың өмірі түбегейлі өзгереді. Жас ана барлық уақытын жаңа туылған сәбиге арнайды және көп шаршайды. Ол жолдасына деген қатынасқа әсер береді. Ұйқысы қанбай, шаршап жүрген анаға ашу үстінде күйеуіне деген сезімі суып бара жатқандай көрінеді. Қамқорлықтың жоғалғанын сезетін ер адамға да қиынға соғады, проблеманың неде екенін түсіне алмайды.
Кеңес: Бұл жағдайды ретке келтіру әйелдің қолында десек, қателеспейміз. Әйел өз зейіні мен қамқорлығын дұрыс бөлуді үйреніп, күйеуін бала қарауға араластырса, бұл күйзелісті жеңеді. Себебі кейбір әйел баланы да өзі қарап, үйді де өзі жинап, басқа да шаруаларды өзі шешуге тырысады: нәтижесінде, қатты шаршап, көңіл күйі түсіп, оның әсері бүкіл отбасы мүшелеріне тиеді. Сондықтан, үй шаруаларын уақытша ысыра тұрып, бала ұйықтағанда бірге демалып алуға тырысу керек. Ал ыдыс-аяқ жуу секілді ұсақ-түйек шаруаларды баланың қасына отыратын адам келгенде де жасап үлгересіз. Бала керісінше, отбасыны нығайтады. Нәресте кезеңі мәңгі емес, сондықтан шыдамды болыңыз.

Орта жас күйзелісі
Орта жас күйзелісі жасөспірімдік кезеңге ұқсайды. Ерлі-зайыптылар өздерін іздеумен, өмірдегі орнын анықтаумен, алда не күтіп тұрғанын ойлаумен әуре болады. Егер отбасылық жұптың арасында ерекше жақындық болмаса, бұл кезеңді әркім жалғыз өткереді. Ал ол өз кезегінде ерлі-зайыптыларды одан әрі бөлектете түседі. Оларда жалғыздық пен өмірге қанағаттанбайтын сезім пайда болады.
Кеңес: Егер ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінуге тырысса, бұл кезеңді өткеру оңай болады. Өмірлеріне қуаныш кіргізу керек. Бір-біріне аса мән беріп, қошемет сөздер айтып, тосынсыйлар жасау қажет. Бірге саяхаттау ерлі-зайыптылар арасындағы күйзелісті жеңуге көмектеседі. Басқа қалаға немесе басқа елге саяхаттау міндетті емес, табиғат аясына шығудың өзі жағымды әсер береді.

28 шілде 2019 ж. 391 0