ОТБАСЫ БАҚЫТЫНА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЕРЕЖЕ
1. «Рақмет» айтыңыз
Әдетке айналған қарапайым ризашылық білдіру, отбасын жағымда ауа-райына бөлейді. Күйеуіңіз сіз айтпасаңыз да үйді жинап қойды ма? Сіздің табысты жұмыс істеп жүргеніңізді байқады ма? Шынайы ризашылығыңызды, жаныңызда зейінді адам жүргеніне қуанышыңызды білдіріңіз.
2. Нені ұнататыныңызды айтыңыз
Әрине, күнделікті «мен сені сүйемін» деген сөздер шынайы өмірден гөрі, мелодрамаларда жиі айтылады. Бірақ күйеуіңіз сізден күнделікті жақсы сөз естіп жүргеніне көз жеткізіңіз. Оның артықшылықтары мен іс-әрекеттеріне қошамет пен қолдау білдіріңіз, жай ғана: «Сен сондай керемет адамсың!» дегеннің өзі не тұрады?!
3. Күйеуіңіз үшін киініңіз
Біз көбіне қонаққа барғанда немесе құрбыларымызбен кездесуге барғанда боянып-сыланатынымыз бар. Бірақ біз ең алдымен күйеуіміз үшін сәнденуді әдетке айналдыруымыз керек. Ол қай көйлегіңізді ұнататынын біліп алыңыз, онымен ақылдаспай шаш үлгіңізді күрт өзгертіп тастамаңыз, ал жексенбілік қыдырыстарға ыңғайлы джинсы емес, әдемі белдемшені таңдаңыз.
4. Оның жағында болыңыз
Есіңізде болсын: сіздер бір кездері ортақ шаруашылықты жүргізуге шешім қабылдаған ересек адамдар емессіздер, сіздер – бір командасыздар. Ал жақын адамдар әрдайым бір-бірін қолдауға асығады. Сондықтан барлық жағдайда күйеуіңіздің жағында болыңыз – түрлі дау-жанжалдарда, жұмыстағы келеңсіздіктерде. Бұл оның жеке психотерапевті болу дегенді білдірмейді, бірақ күйеуіңіз не болса да сіз оны қолдайтынына сенімді болуы керек. Және, туған-туыс, дос-жаран мен әріптестерінің көзінше оған ескерту айтпаңыз. Тек оңашада және оның сезіміне қаяу түсіріп алмай айтқаныңыз жөн.
5. «Тамаша идея» деген сөзді жаттап алыңыз
Көптеген отбасыларда ұрыс-керіс әйелі күйеуін тым қияли санайтынынан, үй жағдайын ойлаудың орнына өз арманын іске асыруға асығатын жауапсыз деп ойлайтынынан шығады. Күйеуіңіздің тағы бір идеясы аса жағымды болмаса да, «Бос сандырақ» деуге асықпаңыз. Бір сәтке кідіріс жасап, үшке дейін санаңыз да: «Қызық идея екен» деңіз. Күйеуіңіз де бірдеңені қалауға, соған қол жеткізуге және арманын іске асыруына құқығы бар.
6. Онымен бір адам болуға тырыспаңыз
Ерлі-зайыптылардың әрқайсының өз жеке кеңістік шекарасы болған жөн. Сондықтан өз қызығушылықтарыңыз бен әуесқойлығыңыз болғаны жөн және егер екінші жартыңыз бұған қандай да бір себептермен ортақтаса алмаса немесе кейде өзімен-өзі болғанды қаласа түсіністікпен қараңыз. Егер екеуіңіз де бір-біріңіздің қажеттіліктеріңізді сыйлай алсаңыздар, бұл отбасын берік етеді.
Үй тірлігін міндетсімей, тау қопарып жатқандай жасамаңыз. Тұрмысты оңтайландырудың заманауи әдістерін қарастырыңыз. Артық заттар мен қажет емес заттарды шығарып, кеңістікті ұтымды үйлестіру, мәзір жоспарлау – мұның бәрі үйдің берекесін келтіріп, ерлі-зайыптыларға тұрмыстық ауырлық түсірмейді.