Аяқтан шығатын сасық иістен қалай арылуға болады
Аяғыңыздағы сасық иістен арылудың бірнеше тиімді әдісін ұсынамыз. Төменде айтылған әдістерді үй жағдайында жасауға болады.
Аяқты жай ғана сумен не сабынмен жуу жеткіліксіз. Аяқты ысқышпен үйкей отырып бактерияға қарсы сабынмен жуыңыз.
Аяқты жуған соң кептіру керек. Ылғал аяқтан сасық иіс шығаруға себеп болады.
Қолтыққа арналған сепкішіңізді аяғыңызға сеуіп көріңіз.
Әр күн сайын таза шұлық киіңіз.
Суға сірке суы мен спирт араластырып аяғыңызды сүртіңіз. Сірке суы ме спирт қышыма бактерияларын өлтіреді.
Суға сірке суы мен ас содасын, қара зере майын қосып ванна қабылдаңыз.
Сапасы жақсы теріден жасалған аяқ киім мен мақтадан тігілген шұлық киіңіз. Ауа өткізбейтін резина не пластикалы аяқ киім кимеңіз.
Аяқ киім ішіне кофе ұнтағын сеуіп қойыңыз.
Аяқ киім ішіне ас содасын сеуіп қойыңыз. Сода ылғалды сіңіріп, иісті кетіреді.
Арнайы ұлтарақтарды қолданыңыз. Оның құрамында бактериямен күресетін эфир майы бар.
Балаларға арналға ұнтақты аяқ киім ішіне сеуіп қойыңыз.
Аяқты бактерияға қарсы майлықпен болмаса спиртке малынған қағазбен сүртіңіз.
Ағзаңызға мырыштың жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Мырыштың жеткіліксіздігі салдарынан аяқтан, ауыздан, денеден сасық иістің шығуына себеп болады.
Адам денесінен күйзеліс салдарынан да иіс шығуы мүмкін.
Аяғыңыздың тырнағын жиі алып тұрыңыз.
Аяқты күнделікті жуып тұрыңыз.
stan.kz