Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 48 сағатқа азайтылды

48 сағатқа азайтылды


100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жос­парында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тергеу судьясының құзыретін кеңейту қажеттігіне көпшілік назарын аударды. Құжаттың 22 қадамында адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету керек делінген. Қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт өтпегеніне қарамастан тергеу судьясының жұмысынан көпшілік жан-жақты хабардар болып үлгерді. Бүгінде тергеу судьясы институты біріңғай тәжірибе қалыптастырып, өзінің маңыздылығын айқындай түсті. Жаңа институттың қозғалыссыз қалмай, өз мақсатына сай тиімді жұмыс істеуіне судьялар мен адвокаттар, прокурорлар, қарапайым азаматтар көп септігін тигізді. Әсіресе, тергеу судьясының  міндеті мен мақсатын түсіндіріп, жаңа бастаманың жалпы халықтық сипат алуына  судьялар  мүдделік  танытқанын  ұмытпауымыз  керек.           
Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  туралы»       заң қабылданды. Бұл өз кезегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқығын қорғауда маңызды қадамдардың іске асуына ықпал етті. Аталған заң шеңберінде бес маңызды бағыт қамтылды. Нақты айтсақ, қылмыстық процес­те адамды қорғау деңгейін арттыру, жарыспалылықты күшейту, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру және тергеу, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің қайталануын болдырмай, оларды нақты бөлу. Сонымен, конституцияға сай, жоғарғы шегі 72 сағат көлемінде айқындалған ересектерді санкциясыз ұстау мерзімі 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандарды ұстау уақыты 24 сағатқа азайды. Ал, 72 сағат ұстау мерзімі тек аса ауыр қылмыстар, лаңкестік және экстремизм, жаппай тәртіпсіздік, қылмыстық топтардың қылмыс жасауы, есірткі айналымы, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық, зорлық, жасау қылмыстары, адам өліміне әкелген қасақана және төтенше жағдайларда, адамды сотқа жеткізу қиын болғанда  қолданылады.
Ж.Жолдасов,
 Сырдария  аудандық 
сотының тергеу судьясы,
Заңгерлер Одағының мүшесі                                                    
30 қаңтар 2018 ж. 898 0