Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Қазір халық барлық қыз­метті электронды түрде жүргізуге бейімделді. Мұның сапалы әрі тез екені анық. Бұрынғыдай кезек күтіп, әуре болмайды. Құжаттарды рәсімдеуде үйде отырып, барлық тіршілігін реттеуге болады. Бұл тұрғыда «Электронды үкімет» порталының септігі зор.
Уақыт өткен сайын порталда жаңа қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда, бүгінде «Элект­ронды үкімет» арқылы көлік құ­ралдарын тіркеу және жүргізуші куә­лігін ауыстыру сервисі жұмыс жа­сай­ды. Бұл қызмет түрлерін «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мем­ле­кеттік корпорациясы ком­мер­циялық емес акционерлік қо­ғамы­ның Қызылорда облысы бойынша филиалының ХҚКО бойынша Сырдария аудандық бөлімі мамандары авто­көлік жүргізушілері арасында кеңінен ақпарат­тандыруда.
– Бұл қызметтерді онлайн режимде алу өте қарапайым деуге болады. Ол үшін автокөлік иелері үйде отырып «egov.kz» порталына кіріп, қызмет түрін таңдап, тиісті мәліметтерді толтырып, электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Осы уақытқа дейін көлік құралын сатушы, сатып алушы көлік құралын тіркеуде ХҚКО мамандандырылған бөлімге баратын болса, қазір үйде отырып онлайн арқылы өтінім береді. Порталда «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімі бойынша өтінім білдірген соң сатылатын көлік құралын таңдап, сұрау салуды толтырады. Сұрау салуда көлік құралын сатып алушы ЖСН көрсету қажет. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) сұрау салуға қол қойғаннан соң сатып алушыдан растау алу қажет, – дейді аудандық бөлім басшысының орынбасары С.Бекжүнісова.
Осыдан кейін тұтынушы жеке кабинетте («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесімен танысады. Егер сұрау салу оң нәтиже берсе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөліміне хабарласады. Өзімен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түпнұсқалары, көлік құралын тіркеу туралы куәлік және жеке куәлік болу қажет. Ескертетін жайт, қызмет тек жеке тұлғаларға ғана көрсетіледі және көлік сатушының айыппұлдары, салықтары толық төлену қажет.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін бұрынғыдай жан-жаққа барып, сабылып жүрудің қажеті жоқ. Бар болғаны электронды порталға кіріп, сұралған мәліметтерді толтырып, фотосурет және қолтаңбаны жүктейді. Сонымен бірге баж (3156тг 25 тиын) төлемін төлеу қажет. Электронды қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін хабарлама келеді. Содан кейін дайын құжатты мамандандырылған ХҚКО-дан алуға болады.
Аталған қызмет түрін еш кедергісіз, жылдам алуға болатынын мамандандырылған ХҚКО мамандары тұрғындарға түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық парақшалар таратып, электронды портал арқылы уақытты үнемдеуді насихаттады. Жалпы, қазір тұрғындар «Электронды үкіметтің» игілігін көріп келеді.


Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
06 шілде 2019 ж. 1 052 0