Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді жүргізуші куәлігін 2 сағатта ауыстыруға болады

Енді жүргізуші куәлігін 2 сағатта ауыстыруға болады


Темір тұлпарды тізгіндегендер үшін жағымды жаңалық. Енді үйде отырып-ақ, жүргізуші куәлігін 2 сағатта ауыстыруға болады.

Ол үшін Еgov «Электрондық үкімет порталындағы» автокөлік бөлімшесіндегі қызметті тауып, онлайн тапсырыс беру керек”, – деп хабарлайд 24 хабар арнасы.
Ең бастысы – электрондық цифрлық қолтаңба болуы шарт. Куәлікті ауыстырудың барлық ережесі мен қажетті құжаттар осы бөлімшеде көрсетілген. Тапсырыс беру 2 сағаттың ішінде жүзеге асады. Осылайша жүргізушілер тиісті құжаттарын алып мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығынан куәлігін сол күн алуына болады.
Бұл ең алдымен құжат толтыру мен медициналық тексеріске кететін уақытты үнемдейді. Куәлік ауыстыру қызметін де онлайын жүйесінде төлеуге болады. Аталған қызмет тек уақыт мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін ауыстыруға арналған. Сәкен Байғалиев, МХҚО маманы: – Үйде отырып, сіз ұсыныс бере аласыз. Дайын болған сәтте сізге SMS келеді. SMS-пен сіз қай жерге ұсыныс жасадыңыз6 сол жерге барып алып кетуіңізге болады.
02 сәуір 2018 ж. 1 121 1

Гость JeaOrer от 26 ақпан 2019 21:01
Cialis Prix Moyen En Pharmacie Medrol Dose Pack No Prescription Cheap Tadacip Uk levitra ou cialis generique Priligy Pharmacy Viagra Como Comprar