Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғашықтар некелерін аспанда қиғызды

Ғашықтар некелерін аспанда қиғызды


Қос ғашық некелерін жерден 120 метр биіктікте, яғни аспанда қиғызды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
АҚШ-тың Юта штатында Райан Дженкс пен Кимберли Веглин деген тұрғындар жерден 120 метр биіктікте той жасады.
Ғашықтар Моав тауында танысқан екен. Сол себепті олар некелерін ерекше үрдіспен, тауда өткізуді ойластырған. Олар тойдың ерекше өтуі үшін арқанмен жүруші экстремал Энди Льюис пен The Hearnes фототілшілерін жалдаған.
Райан мен Кимберли некелерін қидырып жатқан сәтте, олардың достары әуе трюктерін орындаған. Қалыңдықтың құрбылары гүл жапырақтарымен көмкерілген парашютпен секірген.
«Біз ұсақ-түйек ұрыс-керіс пен түкке тұрмайтын проблемалар үшін уақытымызды құртпаймыз. Сондықтан да біздің тойымыз – бір-бірімізге деген махаббатқа және энергияға, өмірге құштарлыққа толы өтті», - дейді Кимберли.
29 қаңтар 2018 ж. 1 420 0