Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Егер асығыстық танытпасаңыз, барлығы жақсы болады. Сабырлық пен табандылықтың арқасында олжалы боласыз. Бұған дейін де сізге көмегін аямаған жан ақыл айтса, оны тыңдап, кеңесіне жүгінген жөн.

Торпақ
Түске дейінгі уақытта абай болыңыз. Қандай жоспар құрсаңыз да, оның дұрыстығына көз жеткізіп алыңыз. «Асыққан шайтанның ісі» демекші, қай істе болмасын асығыстық танытпағаныңыз жөн.

Егіздер
Еңбектенуге тура келеді. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысу қиындай түседі. Олар сізді қызықтыру үшін түрлі амалдар ойлап табады. Сабырлы болыңыз. Ұрыс-керістен бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Шаян
Ішкі түйсігіңізге мән беріңіз. Ол сізге пайдалы, әрі, нақты жауап беретін болады. Материалдық жағдайыңыз жақсара түсіп, қалтаңыз қалыңдай түседі. Жаңа жұмыстарды қолға алатын сәт келді.

Арыстан
Айтарлықтай ауыр күн. Аздаған түсініспеушіліктер орын алады. Сонымен қатар бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу қиындай түседі. Өз жоспарларыңыздан бас тартып, басқа іспен айналысуды жөн санайсыз.

Бикеш
Жұлдыздар сіздің жақта. Барлығы сіз ойлағандай болып, табысқа бір табан жақындай түсесіз. Шешім қабылдар алдында көп ойланар болсаңыз, қателікке бой алдырмайсыз. Жақындарыңызбен ақылдасыңыз.

Таразы
Қиындықтар жоқ емес. Бүгінгі күн сол қиындықтарды жоюға, өзекті мәселелердің шешімін табуға қолайлы күн. Ұсақ-түйек жұмыстарды назардан тыс қалдырмайсыз, сондықтан қателікке ұрынбайсыз.

Сарышаян
Айналаңыздағы адамдармен тіл табысу, олармен ортақ ымыраға келу қиын. Сіз оларға өте ашушаң болып көрінесіз. Бірақ уақыт дер кезінде сіздің іс-әрекетіңіздің дұрыс екендігін көрсететін болады.

Мерген
Ескі мәселелер қайта айналып келеді. Оған қоса, жаңадан орын алған проблемалар да жүйкеңізге тиетін болады. Оларды шешу, мәселені біржақты ету қиындай түсері анық.

Тауешкі
Өте керемет күн. Көпшілік сізге жақсы көзқарас танытып, сізді мақтайтын болады. Бұл күні сіз өзіңіз үшін маңызды болған сауалдарға жауап табасыз. Сондай-ақ бұрын ара қатынасыңыз суыған жандармен қайта тіл табысатын боласыз.

Суқұйғыш
Өзіңіздің ашылмаған қырларыңызбен, талантыңызбен жұртшылықты таң қалдыратын боласыз. Айналаңыздағы адамдар сіздің идеяларыңызды мақтап-мадақтайтын болады. Қаражатқа қатысты мәселелер шешімін табады.

Балықтар
Бүгінгі күн сіз үшін өте ауыр болмақ. Ешқайда асығудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ойланбай әрекет етпеңіз. Оның соңы жақсылықпен аяқталмайтынын білсеңіз де, кейде тәуекелшіл болып аласыз. Бұл жолы нар тәуекел етпегеніңіз жөн.  

kyzylorda-news.kz
26 маусым 2019 ж. 563 0