Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Әлеуметтік желінің қыр-сырын жетік меңгеріп алдыңыз. Дегенмен бейтаныс адамдармен көп сөйлеспеңіз. Себебі сіз өз ойыңызда ақ боз атты ханзаданы сомдап алғансыз. Ал сіз сөйлесіп жүрген жан мүлде басқа болып шығуы мүмкін.

Торпақ
Алғаш рет өз қалауыңызбен жұмыс жасайтын боласыз. Бұған дейін тек табыс үшін қызмет қылған болсаңыз, енді барлығы керісінше болмақ. Бірақ бұл ісіңізді басшылық құптай қоймайды.

Егіздер
Бүгін жолыңыз болып, ұтысқа ие боласыз. Бұл жақсы жаңалық болса, ал жағымсыз хабар бұл сіз бүгін аздап заң бұзасыз, айналаңыздағылардың мазасын аласыз. Жолға шыққанда абай болыңыз.

Шаян
Бүгін жалқаулығыңыз басым. Тіпті денсаулығыңызға да мән беріп қарамайсыз. Егер сіз барлығын уақытылы орындамасаңыз, жұмысыңыз аяқталмайды, әрі артық салмаққа да жол бересіз.

Арыстан
Егер басыңыз бос болса, екінші жартыңызды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Сіздің жүрегіңіздің «иесі» көрші үйден болуы мүмкін. Сіздерді  бір болуларыңызға көрші немесе жақын досыңыз себепші болады.

Бикеш
Жеке қарым-қатынаста жағдай қиындай түседі. Өз өміріңізді мықтап қолға алыңыз. Өзіңізге өзіңіз есеп беріп, осы уақыт ішінде қандай жетістікке жеткеніңізді сараптаңыз. Сонда ғана барлығы қалыпқа келетін болады.

Таразы
Бүгін аяқтайтын шаруаңыз көп. Барлығына үлгеру қажет болады. Дәл қазіргі уақытта табысыңызда орта деңгейде. Ойлаған ісіңізді соңына дейін жеткізу үшін табыс көзін арттыруға жұмыс жасау қажет.

Сарышаян
Алға қойған жоспарларыңыз көп. Шетелге шығуды ойластырған болсаңыз жан-жақты ізденіп, көп шығындалмайтын жолды іздестіріңіз. Бірақ осы уақыт аралағында өз бақытыңызға жолығып қалуыңыз мүмкін.

Мерген
Бұл белгідегі ғалым, зерттеуші, жаңалық ашқан адамдардың бүгін айы оңынан туады. Сіздің жобаларыңызды қолдайтындар көп. Сонымен қатар оның жүзеге асуына көмек көрсетіледі. Мүмкіндікті пайдаланып, өзіңізді көрсетіңіз.

Тауешкі
Сізге пайдасы мол ұсыныс түскелі тұр. Алғашқыда өз күшіңізге сенбей көп ойланасыз. Бірақ ұсыныстан бас тарпаңыз. Барлығын ой елегінен өткізіп, кейбір шаруаларды кейінге қалдырыңыз. Сонда жаңа ұсыныспен жұмыс жасай аласыз.

Суқұйғыш
Түске дейінгі уақытта отбасыңызда аздаған кикілжіңдер туындап, жағдай қиындай түседі. Ересек балалар айтқанға көнбей, біраз қырсығады. Жолдасыңызға қолдау білдіріп, өзіңізге сенім арта алатынына көзін жеткізіңіз.

Балықтар
Материалдық жағдайыңыз жақсарып, қалтаңыз қалыңдайды. Табысыңыз жаман емес, сондай-ақ жинақтаған қорыңыз да бар. Тағы қаржы жинақтайтын болсаңыз баспана алуға болады.

kyzylorda-news.kz
31 мамыр 2019 ж. 536 0